РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Ақсу ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Ақсу ауылдық округі Шолақөзек елді мекенінде атауы жоқ көшелерге Талдыарық және Қосағаш көше атаулары берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын іс жүзіне асыру Ақсу ауылдық округі әкімінің бас маман іс жүргізушісі Әмір Мараловқа жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілсін.
Округ әкімі Қ. Ермеков