РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып Қызылағаш ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Қызылағаш ауылдық округіндегі Воронин көшесінің атауын Жайсан көшесі, Садовая көшесінің атауын Қонаев көшесі, Защитная көшесінің атауын Момышұлы көшесі, Студенттер көшесінің атауын Далғабаев көшесі, Новая 1 көшесінің атауын Дөсет ата көшесі, Новая 2 көшесінің атауын Асар көшесі атауларына өзгертілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау және іс жүзіне асыру Қызылағаш ауылдық округінің бас маман іс-жүргізушісі Қалиасқарова Жұмагүл Мұхамеджанқызына жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Округ әкімінің
міндетін атқарушы С. Амитова