РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасындағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабының 1-тармағының 5-1 тармақшасына сәйкес, аудандық ономастика кеңесінің келісімін ескере отырып, Алакөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ, Алакөл аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Үшарал қаласының көшелерінің аттары мынадай аттарға өзгертілсін:
1) "Школьная" көшесі "Ахмет Байтұрсынұлы" көшесіне;
2) "Ельтай" көшесі "Садық Құсайын" көшесіне;
3) "40 лет Победы" көшесі "Ахмет Жұбанұлы" көшесіне;
4) "Куйбышев" көшесі "Тәуелсіздік" көшесіне;
5) "Октябрь" көшесі "Әнуар Әлімжанұлы" көшесіне;
6) "Черкашин" көшесі "Стебляков" көшесіне;
7) "Строительная" көшесі "Мағжан Жұмабайұлы" көшесіне;
8) "Чайковский" көшесі "Ғабит Мүсірепұлы" көшесіне;
9) "Шолохов" көшесі "Мамырбек Болысбайұлы" көшесіне;
10) "Победа" көшесі "Жеңіс" көшесіне;
11) "Дружба" көшесі "Достық" көшесіне.
2. Үшарал қаласының аты жоқ көшелеріне:
1) Үшарал қаласы Қабанбай батыр көшесінің қиылысындағы аты жоқ көшеге "Бейбітшілік";
2) Үшарал қаласы Қабанбай батыр көшесінің қиылысындағы аты жоқ көшеге "Болашақ";
3) Үшарал қаласының Қабанбай батыр көшесімен Победа көшесінің қиылысындағы аты жоқ көшеге "Жібек жолы";
4) Үшарал қаласының Жалбы би көшесінің қиылысындағы аты жоқ көшеге "Бірлік";
5) Үшарал қаласының Қабанбай батыр көшесінің қиылысындағы аты жоқ көшеге "Ынтымақ";
6) Үшарал қаласының Жалбы би көшесінің қиылысындағы аты жоқ көшеге "Самал" көшесі деген аттары қойылсын.
3. Осы бірлескен шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Меңлібаева Салтанат Дәулетханқызына жүктелсін.
4. Осы бірлескен шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы К.В. Власенко
Аудандық мәслихат хатшысы Б.Т. Сейрбаев
Аудан әкімі Б.Ә. Қарасаев