РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес және аудандық қоғамдық ономастика комиссиясының келісімі негізінде, сондай-ақ тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Ақжар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Ақжар ауылындағы "Молодежная" көшесі Жастар, "Школьная" көшесі Шәмші Қалдаяқов, "Октябрь" көшесі Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков, "Береговая" көшесі Оралхан Бөкей көшесі, "Заречная" көшесі Ләззат Алтынайқызы Асанова көшесі атауларына өзгертілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау жасау және іс жүзіне асыру жұмыстарын жүргізу Ақжар ауылдық округ әкімі аппаратының заңгер немесе бухгалтер-экономист бас маманы Дабыл Тұрысбековақа жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақжар ауылдық
округ әкімі: И. Гуторов