Ақжар ауылдық округіне қарасты Қоңыр және Майлышат ауылдарындағы атаусыз көшелерге ат қою туралы

Жаңа

Алматы облысы Алакөл ауданы Ақжар ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 18 қазандағы N 12 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Алакөл ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 04 қарашада N 2-5-128 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес, Алакөл аудандық қоғамдық ономастика кеңесінің 2010 жылғы 11 қазандағы N 72-04-16/1013 келісімінің негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Ақжар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Ақжар ауылдық округіне қарасты Қоңыр ауылындағы атаусыз көшелерге Бейбітшілік және Достық аты қойылсын.
      2. Ақжар ауылдық округіне қарасты Майлышат ауылындағы атаусыз көшеге Ынтымақ аты қойылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау және іс жүзіне асыру жұмыстарын жүргізу Ақжар ауылдық округінің заңгер жөніндегі бас маманы Дабыл Тұрысбековке жүктелсін.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақжар ауылдық
      округ әкімі:                               И. Гуторов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады