РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес, Алакөл аудандық қоғамдық ономастика комиссиясының келісімі негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Бескөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Бескөл ауылдық округіне қарасты:
1) Бұлақты ауылындағы Гагарин көшесі Ілияс Жансүгіров, Октябрьская көшесі Қажымұқан Мұңайтпасов, Арычная көшесі Ерғали Қайырұлы, Пролетарская көшесі Қатықбай Нүсіпұлы;
2) Бескөл бекетіндегі Арычная көшесі Әмірхан Қабанбаев;
3) Қант зауыты елді мекеніндегі Заводская көшесі Рашида Маманова;
4) Заготзерно елді мекеніндегі Ворошилова көшесі Мұқан Баекенов көшесі атауларына өзгертілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау және іс жүзіне асыру Бескөл ауылдық округі әкімінің орынбасары Серікжан Нұрғазыұлы Атажановқа жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Бескөл ауылдық
округінің әкімі: С.А. Сасанов