Бескөл ауылдық округіндегі көше атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Алматы облысы Алакөл ауданы Бескөл ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 03 мамырдағы N 17 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Алакөл ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 10 маусымда N 2-5-99 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес, Алакөл аудандық қоғамдық ономастика комиссиясының келісімі негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Бескөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Бескөл ауылдық округіне қарасты Бескөл бекетіндегі Восточная көшесі Қаныш Сатбаев, Степная көшесі Нүркен Әбдіров, Фрунзе көшесі Бекзат Саттарханов, Киров көшесі Темірбек Жүргенев, Чапаев көшесі Құрманғазы Сағырбайұлы, Новая көшесі Рақымжан Қошқарбаев көшесі атауларына өзгертілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау және іс жүзіне асыру Бескөл ауылдық округі әкімінің орынбасары Серікжан Нұрғазыұлы Атажановқа жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Бескөл ауылдық
      округінің әкімі:                           С.А. Сасанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады