РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес, Алакөл аудандық қоғамдық ономастика комиссиясының келісімі негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Бескөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Бескөл ауылдық округіне қарасты Бескөл бекетіндегі Школьная көшесі Мұстафа Шоқай, Стадионная көшесі Қобыланды Батыр, Дзержинский көшесі Нұрғиса Тілендиев, Строительная көшесі Райымбек батыр, Гагарин көшесі Әбілхан Кастеев көшесі атауларына өзгертілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау және іс жүзіне асыру Бескөл ауылдық округі әкімінің орынбасары Серікжан Нұрғазыұлы Атажановқа жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Бескөл ауылдық
округінің әкімі: С.А. Сасанов