Сапақ ауылындағы көше атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Алматы облысы Алакөл ауданы Сапақ ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 10 желтоқсандағы N 8 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Алакөл ауданының Әділет басқармасында 2011 жылы 11 қаңтарда N 2-5-138 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес, аудандық қоғамдық ономастика комиссиясының келісімі негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Сапақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Сапақ ауылындағы Мира көшесі Бейбітшілік, Интернационал көшесі Тәуелсіздік, Береговая көшесі Жеңіс көше атауларына өзгертілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау және іс жүзіне асыру жұмыстарын жүргізу Сапақ ауылдық округінің іс жүргізу жөніндегі бас маманы Арманбек Чигирбаевич Чигирбаевқа жүктелсін
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Сапақ ауылдық
      округ әкімі                                О. Джарықбасов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады