Достық ауылдық округіндегі атаусыз көшелерге ат қою туралы

Жаңартылған

Алматы облысы Алакөл ауданы Достық ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 07 маусымдағы N 09 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Алакөл ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 10 маусымда N 2-5-104 тіркелді

      Ескерту. Шешімнің атауында және бүкіл мәтін бойынша "кенттік" деген сөздер "ауылдық" деген сөздерімен ауыстырылды – Алматы облысы Алакөл ауданы Достық ауылдық округі әкімінің 09.01.2015 № 2 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасын басшылыққа алып, Достық кенті тұрғындарының пікірін және Алакөл аудандық ономастика кеңесінің келісімін ескере отырып, Достық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Шешімнің кіріспесіне өзгеріс енгізілді – Алматы облысы Алакөл ауданы Достық ауылдық округі әкімінің 09.01.2015 № 2 шешімімен.
      1. Алакөл ауданы Достық ауылдық округіндегі атаусыз көшелерге төмендегідей көше атаулары қойылсын: он бесінші көшеге Зейнеп Қойшыбаева, он алтыншы көшеге Шәмші Қалдаяқов, он жетінші көшеге Мұқағали Мақатаев, он сегізінші көшеге Шәкәрім Құдайбердиев, он тоғызыншы көшеге Мәншүк Мәметова, жиырмасыншы көшеге Рақымжан Қошқарбаев, жиырма бірінші көшеге Жамбыл Жабаев, жиырма екінші көшеге Қасабай батыр, жиырма үшінші көшеге Еспенбет батыр, жиырма төртінші көшеге Мұхтар Әуезов, жиырма бесінші көшеге Шоқан Уәлиханов, жиырма алтыншы көшеге Ыбырай Алтынсарин, жиырма жетінші көшеге Тауелсіздік, жиырма сегізінші көшеге Жаңа қала, жиырма тоғызыншы көшеге Жібек жолы, отызыншы көшеге Желтоқсан, отыз бірінші көшеге Достық, отыз екінші көшеге Әйтеке би, отыз үшінші көшеге Төле би, отыз төртінші көшеге Қазыбек би, отыз бесінші көшеге Махамбет Өтемісұлы.
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау және іс жүзіне асыру жұмыстарын жүргізу, Достық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы А. Тоқмырзаевқа жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Достық ауылдық
 
округінің әкімі
Е. Жақиянов

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады