Достық кенттік округі әкімінің 2010 жылғы 7 маусымдағы "Достық кенттік округіндегі атаусыз көшелерге ат қою туралы" № 9 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Алматы облысы Алакөл ауданы Достық ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 09 қаңтардағы № 2 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 09 ақпанда № 3034 болып тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабына сәйкес, Достық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Достық кенттік округі әкімінің 2010 жылғы 7 маусымдағы «Достық кенттік округіндегі атаусыз көшелерге ат қою туралы» № 9 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2010 жылдың 10 маусымда № 2-5-104 тіркелген, «Алакөл» газетінің 2010 жылдың 27 маусымындағы № 29 жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      аталған шешімнің атауында және бүкіл мәтіні бойынша «кенттік» сөздері «ауылдық» сөздерімен ауыстырылсын;
      аталған шешімнің кіріспесіндегі «4-тармағын» сөздері «4) тармақшасын» сөздеріне ауыстырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Достық ауылдық округінің бас маман – заңгер Айдарханова Гүлмира Мұратқызына жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Ауылдық округ әкімі

Қ.Мухаметкалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады