Екпінді ауылындағы көше атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Алматы облысы Алакөл ауданы Екпінді ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі N 04 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Алакөл ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 26 мамырда N 2-5-86 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес, Алакөл аудандық қоғамдық ономастика комиссиясының келісімі негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Екпінді ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Екпінді ауылындағы "Екпінді" көшесі Қапсаламов Шынғожа, "Бірлестік" көшесі Мейрманов Садық, "Комсомол" көшесі Бітімбекова Шәмшіқамар көшесі атауларына өзгертілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау жасау және іс жүзіне асыру жұмыстарын жүргізу Екпінді ауылдық округінің бас маманы Сүлейменов Бақытбек Белгібекұлына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі:                               Б. Әзімжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады