РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес, Алакөл аудандық қоғамдық ономастика комиссиясының келісімі негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Жайпақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Жайпақ ауылындағы атаусыз көшеге Мұхаметқали Жұлқайнаров аты қойылсын.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау және іс жүзіне асыру жұмыстарын жүргізу Жайпақ ауылдық округі әкімі аппаратының іс қағаздарын жүргізу жөніндегі бас маманы Сембаева Мақпал Сарсебекқызына жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жайпақ ауылдық
округінің әкімі: Е.А. Табеев