Жыланды ауылдық округіне қарасты Әшім ауылындағы атаусыз көшеге Мұқанов Нұрмолда атын қою туралы

Жаңа

Алматы облысы Алакөл ауданы Жыланды ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 29 сәуірдегі N 06 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Алакөл ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 02 маусымда N 2-5-90 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес ауылдық қоғамдық ономастика комиссиясының келісімі негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Жыланды ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Жыланды ауылдық округіне қарасты Әшім ауылындағы атаусыз көшеге Мұқанов Нұрмолда аты қойылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау жасау және іс жүзіне асыру жұмыстарын жүргізу Жыланды ауылдық округінің бас маманы Нұртазина Майраға жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жыланды ауылдық
      округінің әкімі:                           М. Омаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады