РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес, аудандық қоғамдық ономастика комиссиясының келісімі негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Жыланды ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Жыланды ауылдық округіне қарасты Шынжылы ауылындағы атаусыз көшеге Есім Төре аты қойылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау жасау және іс жүзіне асыру жұмыстарын жүргізу Жыланды ауылдық округінің бас маманы Нұртазина Майраға жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жыланды ауылдық
округінің әкімі: М. Омаров