Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Алакөл ауданы Қабанбай ауылдық округі әкімінің 2010.11.12 N 58 Шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" N 148-11 Заңының 37 бабының 3 тармақшасын және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" N 339-II Заңының 10-1-бабының 7-тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі Мемлекеттік инспекция комитетінің Алакөл аудандық аумақтық инспекциясының 2010 жылғы 11 тамыздағы "Қабанбай ауылдық округі тұрғындарының меншіктегі малдарының арасынан сарып ауруының туындағанына байланысты, карантиндік режимді және шектеу шараларын енгізе отырып, карантиндік аймақтық ветеринарлық режимін бекіту туралы ұсынысының негізінде ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Қабанбай ауылдық округі тұрғындарының меншігіндегі малдарының арасынан сарып ауруының шығуына байланысты шектеу шараларын енгізе отырып, Қабанбай ауылдық округінің отгон аймағы: Мұзды Құдық, Шошқа баз, Теренгөл. Карантин аймағының ветеринарлық режимі белгіленсін.
2. Қабанбай ауылдық округінің меншік малдарының арасынан сарып ауру шыққан үйлерді, қора-қопсысының және тиісті аумақта жануарлардың жұқпалы ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қабанбай ауылдық округінің мал дәрігері Мүлкібаев Нурлан Муканұлына жүктелсін.
4. Шешім жергілікті басылымда ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қабанбай ауылдық
округінің әкімі: С. Байсалбеков