Қабанбай ауылдық округіне қарасты Жамбыл ауылындағы атаусыз көшеге Бауыржан Момышұлының атын қою

Жаңа

Алматы облысы Алакөл ауданы Қабанбай ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 27 қыркүйектегі N 52 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Алакөл ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 21 қазанда N 2-5-125 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес, Алакөл аудандық қоғамдық ономастика комиссиясының келісімінің негізінде сондай-ақ тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Қабанбай ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Қабанбай ауылдық округіне қарасты Жамбыл ауылындағы атаусыз көшеге Бауыржан Момышұлының аты қойылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау және іс жүзіне асыру Қабанбай ауылдық округ әкімінің орынбасары Резеда Изатуловна Хусаиноваға жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қабанбай ауылдық
      округінің әкімі:                           С.А. Байсалбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады