Қамысқала ауылындағы көше атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Алматы облысы Алакөл ауданы Қамысқала ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 24 мамырдағы N 5 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Алакөл ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 27 мамырда N 2-5-88 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес, Алакөл аудандық қоғамдық ономастика комиссиясының келісімі негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Қамысқала ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Қамысқала ауылындағы "Речная" көшесі Мұхамедияр Жүнісов, "Советская" көшесі Бірлік, "Октябрьская" көшесі Бейбітшілік, "Черкашин" көшесі Достық көшесі атауларына өзгертілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау жасау және іс жүзіне асыру жұмыстарын жүргізу Қамысқала ауылдық округ әкімі аппаратының іс жүргізу жөніндегі бас маманы Әсел Серікханқызы Қолбаеваға жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қамысқала ауылдық
      округ әкімі:                               А. Бутунчинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады