Қамысқала ауылдық округіне қарасты Алакөл және Ұялы ауылдарындағы атаусыз көшелерге ат қою туралы

Жаңа

Алматы облысы Алакөл ауданы Қамысқала ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 13 қазандағы N 9 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Алакөл ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 17 қарашада N 2-5-132 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес, Алакөл аудандық қоғамдық ономастика комиссиясының келісімі негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Қамысқала ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Қамысқала ауылдық округіне қарасты Алакөл ауылындағы атаусыз көшеге "Балықшы" аты қойылсын.
      2. Қамысқала ауылындағы атаусыз көшеге "Ұялы" аты қойылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау және іс жүзіне асыру жұмыстарын жүргізу Қамысқала ауылдық округ әкімі аппаратының іс жүргізу жөніндегі бас маманы Эльмира Жұмабекқызы Адасоваға жүктелсін.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қамысқала ауылдық
      округ әкімі:                               А. Бутунчинов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Аудан әкімінің орынбасары,
      аудандық қоғамдық ономастика
      комиссиясының төрағасы                     С. Д. Меңлібаева
      13 қазан 2010 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады