РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес, Алакөл аудандық қоғамдық ономастика комиссиясының келісімі негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Қызылащы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Жұмахан Балапанов ауылындағы Молодежная көшесі Мұсаұлы Бейсембай көше атауына өзгертілсін.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау және іс жүзіне асыру жұмыстарын жүргізу, Қызылащы ауылдық округінің салық жөніндегі бас маманы Маманов Талғат Әшімұлына жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылащы ауылдық
округінің әкімі Қ. Көкебаев