РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес, Алакөл аудандық қоғамдық ономастика комиссиясының келісімі негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Теректі ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Теректі ауылындағы 50 лет Октября көшесі Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев, Заречная көшесі Ақын Сара, Киров көшесі Тұрар Рысқұлов көшесі атауларына өзгертілсін.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау және іс жүзіне асыру жұмыстарын жүргізу, Теректі ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Айнұр Болатқызы Болатоваға жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Теректі ауылдық
округінің әкімі Б.К. Алтаев