Теректі ауылындағы көше атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Алматы облысы Алакөл ауданы Теректі ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 15 қыркүйектегі N 26 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Алакөл ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 11 қазанда N 2-5-121 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес, Алакөл аудандық қоғамдық ономастика комиссиясының келісімі негізінде, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Теректі ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Теректі ауылындағы Партизан көшесі Бауыржан Момышұлы көшесі атауына өзгертілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау жасау және іс жүзіне асыру жұмыстарын жүргізу Теректі ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Айнұр Болатқызы Болатовнаға жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Теректі ауылдық
      округінің әкімі:                           Б. Алтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады