Тоқжайлау ауылындағы көше атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Алматы облысы Алакөл ауданы Тоқжайлау ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 29 сәуірдегі N 2 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Алакөл ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 10 маусымда N 2-5-94 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес, Алакөл аудандық қоғамдық ономастика комиссиясының келісімі негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Тоқжайлау ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Тоқжайлау ауылындағы Куйбышев көшесі Дәнеш Рақышев, Центральная көшесі Бөгенбай батыр, Калинин көшесі Нүркен Әбдіров, Заречная көшесі Қасым Аманжолов, Чапаев көшесі Ер Тарғын, Киров көшесі Қарасай батыр, Дзержинск көшесі Иса Байзақов көшесі атауларына өзгертілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау және іс жүзіне асыру жұмыстарын жүргізу, Тоқжайлау ауылдық округінің бас маманы Ботагүл Қапсаметқызы Темірбаеваға жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тоқжайлау ауылдық
      округінің әкімі:                           Т.Т. Солтанбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады