РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес Алакөл аудандық қоғамдық ономастика комиссиясының келісімі негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Ынталы ауылындағы атаусыз көшеге Желтоқсан аты қойылсын.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау және іс жүзіне асыру жұмыстарын жүргізу, Ынталы ауылдық округі әкімі аппаратының іс қағаздарын жүргізу жөніндегі бас маманы Азат Сазанбаевқа жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ынталы кенттік
округінің әкімі Қ. Иманқұлов