1994 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуге алуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Балқаш ауданы әкімінің 2010 жылғы 09 желтоқсандағы N 12-10 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Балқаш ауданының Әділет басқармасында 2011 жылы 20 қаңтарда N 2-6-79 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Балқаш ауданы әкімінің 2012 жылғы 02 ақпандағы N 2-4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Балқаш ауданы әкімінің 2012.02.02 N 2-4 Шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабының 1-тармағы 13)-тармақшасына, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 05 мамырдағы "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережесін бекіту туралы" N 371 қаулысына сәйкес, азаматтарды әскери есепке қою, олардың санын, әскери қызметке жарамдылық дәрежесін және денсаулық жағдайын анықтау, жалпы білім деңгейін және мамандығын белгілеу, дене даярлығы деңгейін анықтау, әскерге шақырылушыларды алдын ала белгілеу мақсатында Балқаш ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. 2011 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1994 жылы туылған және бұрын шақыру учаскесінде тіркеуден өтпеген ересек азаматтарды Бақанас ауылы, Қонаев көшесі 35 мекен-жайында орналасқан шақыру учаскесінде "Балқаш ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі арқылы тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Селолық округтердің әкімдері және ұйымдардың басшылары белгіленген мерзімде Балқаш ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөліміне шақыру учаскелеріне тіркелуге жататын әскер жасына дейінгілердің тізімін берсін.
      3. Балқаш ауданы әкімінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "1993 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуге алу туралы" N 12-14 (Балқаш ауданы Әділет басқармасында нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізіліміне 2010 жылғы 29 қаңтардағы тіркелген нөмірі 2-6-64, "Балқаш өңірі", газетінің 2010 жылғы 13 ақпандағы 8-9(7283) нөмірінде жарияланған) шешімінің күші жойылсын деп танылсын.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Рахымбаев Бақытбек Рахымбайұлына жүктелсін.
      5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Балқаш ауданы әкімі                        Е. Қошанбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады