1993 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуге алу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Балқаш ауданы әкімінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 12-14 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Балқаш ауданының әділет басқармасында 2010 жылы 29 қаңтарда N 2-6-64 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Балқаш ауданы әкімінің 2010 жылғы 09 желтоқсандағы N 12-10 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Балқаш ауданы әкімінің 2010.12.09 N 12-10 Шешімімен

       Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабының 3-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен шақырушылардың әскери есебін жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" N 371 қаулысына сәйкес, сондай-ақ 1993 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскесінде есепке алуды уақытында және сапалы жүргізу мақсатында Балқаш аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1993 жылы туылған, сонымен қатар алдыңғы тіркеуден өтпей қалған жастары үлкен азаматтарды шақыру учаскелеріне есепке алуды жүргізсін.
      2. Селолық округ әкімдері 1993 жылы туылған, сондай-ақ шақыру учаскелерінде бұрын тіркеуге алынбаған, жасы ұлғайған азаматтарды дер кезінде толық тіркеуге алуды шақыру комиссиясына уақытысында келулерін қамтамасыз етсін.
      3. Балқаш аудандық ішкі істер бөлімі мемлекеттік мекемесінің бастығы (Құтпанов Ринат Болатұлы) (келісім бойынша) мына мәселелерді қамтамасыз етсін.
      1) Қорғаныс істері жөніндегі бөлімшелерге жасөспірімдердің істері жөніндегі инспекцияларда есепте тұрған жастардың тізімін берсін;
      2) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімшелерге, әскерге шақыру учаскелерінде тізімге тұрудан жалтарып жүрген жастарды іздестіруде көмек көрсетсін, оларды жедел іздестіру мақсатында әр селолық округінде ішкі істер бөлімі мен қорғаныс істері жөніндегі бөлім өкілдерінен бақылау және іздестіру жұмыстарын жүргізсін;
      3) комиссияның шақыру кезінде шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етсін.
      4. Балқаш ауданының орталық аудандық ауруханасы мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері (Мұратбаев Ринат Алмазұлы) (келісім бойынша) мына мәселелерді қамтамасыз етсін.
      1) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне тіркеуге алынушыларды медициналық тексеруден өткізу кезінде әскери қызметке жарамдылығын және денсаулығының жағдайын анықтау жұмыстарын жүргізуге дәрігерлер мен қажетті орта медициналық қызметкерлерді қатыстырсын;
      2) 2010 жылы 1 қаңтарға дейін аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне 1993 жылы туылған жастарға амбулаториялық есепте тұрған науқастанушылардың қажетті медициналық құжаттарын, сондай-ақ туберкулез, наркологиялық, тері-венерологиялық және психоневрологиялық диспансерінде, жасөспірімдер кабинеттерінде, сонымен қатар жұқпалы науқастар ауруханасында есепте тұрғандардың тізімін тапсырсын;
      3) тіркеуге алуға дейін 1993 жылы туылған барлық жастарды қажетті медициналық тексеруден өткізсін;
      4) ауыратыны анықталған жасөспірімдердің арасындағы сауықтыру жұмыстарын тікелей медициналық тексеру кезінде бастасын, олардың тізімін осы жасөспірімдердің тұрғылықты жерлеріндегі емхананың маман-дәрігерлеріне тапсырсын.
      5. Балқаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесінің бастығы (Сқабаев Бақыт) Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне.
      1) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне мүгедек деп танылатын 1993 жылы туылған жастар туралы мәліметтер тапсырсын.
      6. Балқаш аудандық білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің бастығы (Нұрпейісова Назым) тіркеуге алу кезінде.
      1) жалпы білім деңгейін және мамандығын белгілеу жұмыстарын ұйымдастырсын.
      7. Балқаш аудандық дене тәрбиесі және спорт бөлімі мемлекеттік мекемесінің бастығы (Жақыпов Қахар Рахметұлы).
      1) кәсіпорындарда, ұйымдарда және оқу орындарында әскери қолданбалы спорт түрлері бойынша жастардың дайындығына бақылауды жүзеге асырсын;
      8. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Рахымбаевқа жүктелсін.
      9. Осы шешім баспасөзден алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Балқаш ауданы әкімі                        Е. Қошанбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады