Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2012.03.02 N 145 Қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20 бабына және Жамбыл аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 31-130 "Жамбыл ауданының 2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар төмендегідей белгіленсін:
1) Тұрғын үй коммуналдық қызметтер бойынша (электр, газ, жылу, су, қоқыс шығару) қосымша жеңілдіктер 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің (бұдан әрі – қатысушылар мен мүгедектер) барлығына беріледі.
2) Тұрғын үй – коммуналдық қызметтер бойынша жеңілдіктер электр қуатымен, газбен, жылумен, суық сумен жабдықтау, қоқыс шығару сияқты тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге белгіленген нормалар шегінде (есеп бойынша: электр қуаты – 45 киловатт (1 киловатт құны -10 теңге 59 тиын), айына 1 газ баллонның құны – 1400 теңге, 2 тонна көмірдің құны – 20000 теңге, суық су жеке меншік үйлерде -145 теңге 90 тиын, көпқабатты пәтерлерде - 233 теңге 43 тиын, канализация – 158 теңге 37 тиын, көпқабатты үйлерде қоқыс шығару үшін - 60 теңге) қатысушы немесе мүгедек тұрғын үйдің не болмаса пәтердің иесі, не болмаса оларды жалдаушы болуына қарамастан төленеді.
3) Қатысушылар мен мүгедектердің тізімін құрастыруды және бекітуді "Жамбыл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.
4) Тұрғын үй – коммуналдық қызметтер бойынша қосымша жеңілдіктер алу үшін қатысушы немесе мүгедек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қосымша жеңілдіктер бойынша жеке куәлігінің көшірмесі, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысқан немесе мүгедектігі туралы куәлігі, тұрғылықты жерінен анықтама тапсырылады.
5) Қатысушылар мен мүгедектерге тұрғын үй – коммуналдық қызметіне арналған қосымша жеңілдіктеріне өтініш берген айдың бірінші жұлдызынан бастап тағайындалады.
6) Қатысушылар мен мүгедектерге тағайындалған соманы жеке шоттарына аудару Жамбыл аудандық пошта байланысы торабы "Қазпошта" акционерлік қоғамы және "Қазақстан Халық Банкі" акционерлік қоғамының № 310900 Жамбыл аудандық басқармасы арқылы жүзеге асырады.
2. Осы қаулының орындалуы "Жамбыл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Жақсылық Сұлтанұлы Қарымбаевқа, "Жамбыл аудандық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Гүлнар Бекенқызы Тоқтағұловаға жүктелсін.
3. Жамбыл ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 35 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 23 ақпанда тіркелген, тіркеу № 2-7-69, 2009 жылғы 4 сәуірдегі № 19-20 (5441–5442) "Атамекен" газетінде ресми жарияланған) "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің материалдық-тұрмыстық және әлеуметтік жағдайларын жақсарту жөніндегі қосымша шаралар туралы" қаулысының күші жойылды танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Жандарбек Ермекұлы Далабаевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Аудан әкімі М. Бигелдиев