Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 05.09.2014 № 592 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20-бабына сәйкес және Ұлы Отан соғысының қатысушыларын, мүгедектерін қосымша әлеуметтік қолдау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне әлеуметтік қорғау жөнінде тұрғын үй коммуналдық қызметтеріне айына бір рет 45 киловатт электр қуатының, сыйымдылығы 27 литрлік 1 газ балонның құнын, 1 кубтық метр суық сумен қамтамасыз ету және нарықтық баға бойынша жылына бір рет 2 тонна көмірдің құнын материалдық көмек ретінде қосымша шаралар белгіленсін.
2. Әлеуметтік көмекті тағайындауға және төлеуге уәкілетті орган болып "Жамбыл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі айқындалсын.
3. "Жамбыл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Жақсылық Сұлтанұлы Қарымбаевқа көмек алушының тұрғылықты жері бойынша екінші деңгейдегі банк филиалы және осы операциялардың түрлерін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің рұқсаты бар басқа да мекемелердегі ашылған есеп шотына төлемдерді аудару арқылы төленуін қамтамасыз етсін.
4. Жамбыл ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 22 ақпандағы "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар туралы" N 84 қаулының (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2010 жылдың 09 наурызында 2-7-91 нөмірімен енгізілген, 2010 жылғы 22 наурыздағы N 12(5493) "Атамекен" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау (әлеуметтік саланың мәселелеріне) жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Ж. Далабаев
КЕЛІСІЛДІ:
"Жамбыл аудандық жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы Қарымбаев Жақсылық Сұлтанұлы
02 наурыз 2012 жыл
"Жамбыл ауданының экономика
және бюджеттік жоспарлау
бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы Келдібекова Ләйлә Қаракүшікқызы
02 наурыз 2012 жыл