Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 05.09.2014 № 592 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 23 бабының 3 тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жамбыл ауданы әкімиятының 2005 жылғы 1 маусымдағы № 438 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылы 24 маусымда тіркелген, тіркеу № 2-7-5, 2005 жылғы 9 шілдедегі № 30 (5238) «Атамекен» газетінде ресми жарияланған) «Мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы» қаулысының 1 тармағындағы: «үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға (бұдан әрі – мүгедек балалар) арнап әрбір мүгедек балаға бір тоқсанға 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде тоқсан сайын қосымша әлеуметтік көмек берілсін» деген сөздер «үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға (бұдан әрі – мүгедек балалар) арнап әрбір мүгедек балаға бір тоқсанға 8 айлық есептік көрсеткіш көлемінде тоқсан сайын қосымша әлеуметтік көмек берілсін, үйде оқытуға жәрдемақы Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің бұйрығына сәйкес бекітілген оқу жылына, яғни 1 қыркүйектен 25 мамыр кезеңіне, 1 жылға тағайындалады. Интернаттық білім ұйымдарында және медициналық -әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) тұрған кезеңдеріне тағайындалмайды.» деген сөздерімен өзгертіліп, толықтырылсын.
2. «Жамбыл аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Тоқтағұлова Гүлнар Бекенқызы) әлеуметтік көмектің қаржыландырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Жандарбек Ермекұлы Далабаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі М. Бигелдиев