Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 11.06.2012 N 8-69 шешімімен.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 8-тармақшасына, «Ветеринария туралы» Заңына және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 Кодексінің 3-бабы 2-тармағына сәйкес Жамбыл аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қосымшаға сәйкес Жамбыл ауданының ауылдық елді мекендерде иттерді және мысықтарды күтіп - ұстау Ережесі бекітілсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Сессия төрағасы Т.С.Вильданов
Мәслихат хатшысы Б.Б.Қазиев
Жамбыл ауданының елді мекендерінде
иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау
ЕРЕЖЕСІ
Осы Ереже Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 8-тармақшасына, «Ветеринария туралы» Заңына және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 Кодексінің 3-бабы 2-тармағына сәйкес әзiрленген. Ереже Жамбыл ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау тәртiбiн реттейдi.
Осы Ереже барлық иттер мен мысықтардың иелерiне, меншiк түрiне қарамастан заңды және жеке тұлғаларға, сондай-ақ иттер мен мысықтарды серуенге алып шығатын барлық тұлғаларға (бұдан әрi - Иелер) қолданылады.
1-тарау. Жалпы ережелер
1.1. Осы Ереже Жамбыл ауданының елді мекендерінде әрекет етедi.
1.2. Осы Ережеде келесi түсiнiктер қолданылады:
ит – сүтқоректілерге жатады, мөлшеріне, түсіне, және басқа белгілеріне қарамай қасқыр тектеске жататын үй жануары:
мысық – сүтқоректілерге жатады, мөлшеріне, түсіне, және басқа белгілеріне қарамай мысық тектеске жататын үй жануары:
жануар иесi – мысықтың немесе иттің иесі, немесе жалға алу негізінде немесе иесімен басқа да осыған ұқсас келісу арқылы жануарды ұстаумен шұғылданатын тұлға:
иесiз жануарлар - тiркеуде жоқ, иелерiн анықтау мүмкiн болмаған, иелерiнен адасқан не болмаса қашып кеткен, иесi немесе жануарға жауапты адам тарапынан қараусыз жүрген жануарлар;
иттер мен мысықтарды серуенге шығару - иесiнiң меншiгi болып табылатын немесе басқа тұлғадан жалға алып отырған орын-жайдан тыс жерде болуы және иттер мен мысықтардың арнайы белгiленген аумақтарда серуендеуi болып табылады.
2-тарау. Иттер мен мысықтарды тiркеуге алудың тәртiбi
2.1. Жеке және заңды тұлғаларға тиесілі иттерді үш айлық мерзiмiнен және екі айлық мерзімінен бастап мысықтарды, тұрақты мекен – жайы бойынша тіркелуге тиіс;
2.2 Әрбiр тiркеуден өткен үй жануарларына бiрдейлендiру реттiк саны берiледi, бұл реттiк сан оның бүкiл өмiр сүру кезеңiне сақталады. Ит пен мысықты тiркеу барысында иелерiнiң есебiнен белгiленген үлгiге сәйкес ветеринарлық құжат берiледi.
2.3. Тiркеу барысында иелер осы ережемен таныстырылады. Жануарлар иелерiне ережемен танысқандығы тiркеу кiтабына қол қойылумен рәсiмделедi.
2.4. Ит пен мысықты тiркеуден өткiзу және қайта тiркеу кезiнде иелерi келесi құжаттар мен мәлiметтерді беруi қажет: иесiнiң жеке басының төл құжаты, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi, мекен-жайы, байланыс телефоны, ит пен мысықтың туылған күнi, түрi, түсi, жынысы, лақап аты, ерекше белгiлерi немесе жануардың сипаты.
2.5. Үй жануарына эвтаназия қолданылғанда немесе өлiп қалған жағдайда ветеринарлық құжат пен жетон жануар бұрын тiркеу жүргiзген органға немесе мекемеге тапсырылады.
2.6. Тiркеушi орган жануардың шығу (сатылу, жоғалу, өлу, басқа бiр адамға тапсырылу) жағдайларында тiркеуден шығару үшiн немесе қайта тiркеуi үшiн хабарлануы керек. Иелер тұрғылықты жерін ауыстырғанда үй жануарлары екі апта мерзімінде тіркеледі.
2.7. Иттерді (үш айлық мерзiмiнен бастап) және (екі айлық мерзiмiнен бастап) мысықтарды сатып алу мен сату, басқа бiр адамға тапсыру, барлық көлiк түрлерiмен аудан iшiнде тасымалдау әрекеттерi құтырма және басқа да жұқпалы ауруларға қарсы егiлген уақыты белгiленген жануардың ветеринарлық құжаты болған жағдайда ғана рұқсат етiледi.
3-тарау. Иттер мен мысықтарды ұстау
3.1. Тұрғындарға, кәсiпорындарға, мекемелер мен ұйымдарға тиесiлi иттердiң барлық түрлерi үш айлық мерзiмiнен бастап, құтырма ауруына және эпизоотиялық көрсеткiштерге сәйкес лептоспироз, микроспория ауруларына қарсы мiндеттi түрде егiлуi және гельминттердiң болмауына тексерiлуге тиiс немесе профилактикалық алдын-алу шаралары қолданылуы тиiс.
3.2 Мысықтар туылғаннан екi айлық мерзiмнен бастап адамдар мен жануарларға бiрдей жұқпалы ауруларға, эпизоотиялық көрсеткiштерге сәйкес микроспорияға қарсы егiлуге, гельминттердiң болмауына тексерiлуге тиiстi.
3.3. Иттiң иесi ретiнде (иелердiң ерекше жауапкершiлiгiн қажет ететiн иттердiң түрлерiнен басқа) 14 жасқа толған, ата-анасының жазбаша рұқсаты бар (иттi өз атына тiркеу үшiн) тұлға болуы мүмкiн.
3.4. Егер жануардың иесi заңды тұлға болған жағдайда, мiндеттi түрде жануарды ұстауға жауапты адамды тағайындауға міндетті.
3.5 Иттер мен мысықтарды ұстауға иелері кейбір талаптарды сақтауы керек:
1) қоршаған ортаға, адамдарға қауiпсiздiк келтiрмейтiн және тыныштық сақтауды қамтамасыз ету;
2) көп пәтерлi тұрғын үйлерде жануарлармен тыныштық бұзуға жол бермеу бойынша шараларын қабылдау;
3) алаңдарды, кiреберiстердi, сатылық торларды, балалар алаңдарын, жолдарды, тротуарларды, шағын гүлбақтарды, демалыс аумақтарын, әзірленген жемшөптерді, үй маңын (бау-бақшаларды) ластамау, ал ластанған жағдайда мiндеттi түрде жедел тазалауды жүзеге асыру (қағаз немесе полиэтилен пакеттерiн пайдалану).
4) жануарларды түрлерiне және тұқымдарына қарай зоотехникалық, зоогигиеналық және ветеринарлық-санитарлық талаптарға сәйкес ұстау, қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету.
5) иттер мен мысықтарды олардың биологиялық қажеттiлiктерiне сай ұстау, оларға iзгiлiктi қарау, қараусыз қалдырмау, өздерiнiң жануарларына қажеттiлiгiне қарай тамақ беру, таза су iшуге жағдай жасау, ұрмау.
6) ветеринариялық мекемелер мамандарының талаптары бойынша иттер мен мысықтарды бақылау үшiн, диагностикалық зерттеу және емдеу, алдын-алу шараларын жүргiзу үшiн бөгетсiз берiлуi керек.
7) иттер мен мысықтарға бекітілген мерзімде міндетті ветеринарлық іс-шаралар өткізу, карантиндік тәртіпті сақтау, жұқпалы ауруларды жою бойынша іс-шаралар өткізу.
3.6. Иттер мен мысықтарды жекелеген тұрғын үй қорында ұстағанда жақсылап қоршалған, яғни қашып кете алмайтындай, адамдарға не болмаса басқа жануарларға шабуылдамауына ыңғайлап жасалынған аумақта ұсталуы тиiс. Осы аумақта үлкен немесе орташа иттiң барлығы жөнiнде кiреберiсте 20х30 сантиметр көлемiндегi, иттiң суретi бар "Ит күзетедi! Охраняется собакой!" ескерту қойылуы шарт.
3.7. Жекелеген тұрғын үй қорының үйлерінде иттер мен мысықтарды ұстау саны шектелмеген, бірақ көршілерге ыңғайсыздық тудырмауы тиіс.
3.8. Көп пәтерлі тұрғын үйлерде иттер мен мысықтарды көпшiлiк пайдаланатын (ас әзiрлеуге арналған бөлмелерде, кiреберiстерде, баспалдақ алаңдарында, үйдiң шатырында, жертөлелерде, балконда және басқа да қосалқы үй-жайларда) орындарда және үй маңында (жеке тұрғын үй аумағынан басқа), қонақ үйлер мен жатақхана дәлiздерiнде ұстауға рұқсат етiлмейдi.
3.9. Иттер мен мысықтарды зообұрыштарда, балалар және жасөспiрiмдерге арналған мекемелердiң "тiрi бұрыштарында", жазғы және қысқы сауықтыру орталықтарында (демалыс үйлер) санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринарлық қадағалау органдарының рұқсатымен ұстауға болады.
3.10. Иттер мен мысықтар ауырғанда немесе ауруға күдiктi болғанда жедел түрде ветеринарлық мекемелерге хабарласу, тексерiстердiң қорытындысы бойынша мамандардың ұсыныстарын мүлтiксiз сақтау.
3.11. Иттер мен мысықтардың адамды немесе жануарларды қауып алу, жарақаттау жағдайларында жедел түрде медициналық мекемелерге, ветеринарлық емханаларға хабарласу, осы жануарларды бақылауға және карантиндiк iс-шараларды қолдануға тапсыру. Жарақаттауға кiнәлi ит немесе мысықтың иесi жарақаттанушыға өзiнiң аты-жөнiн және мекен-жайын хабарлауға тиiс.
3.12. Ит немесе мысықты одан әрi ұстауға мүмкiндiк болмаған жағдайда оны басқа тұлғаға, жануарларды қорғау мекемелерiне бередi немесе ветеринариялық мекемеге тапсырады. Үй жануарларын тастап кетуге (иесiздiкке ұшыратуға) қатаң тыйым салынады.
3.13. Үй жануарының өлiп қалған жағдайларында оларды есептен шығару үшін оны тіркеген органдарға хабарлау қажет.
3.14. Үй жануарының белгісіз себептермен өлiп қалған жағдайларында немесе құтыру ауруына шалдығуға ұқсас белгiлерi болған жағдайда жедел түрде ветеринарлық мекемелерге немесе лицензияланған ветеринарлық дәрiгерлерге өлудiң себептерiн анықтау үшiн хабарласу қажет.
3.15. Өлiп қалған иттер мен мысықтардың өлiгiн лақтырып тастауға, аудан аумағына көмiп тастауға тыйым салынады, өлген жануарлардың өлекселерiн жинайтын қызмет орындарынан тапсырылуға немесе жануарлар өлексесiн жоюмен айналысатын орындарға тапсырылып, тиiстi құжаттар алынуы керек.
3.16. Көшелерде және басқа да орындарда иелерi тарапынан байлаулы қалдырылғандардан басқа, iлеспе тұлғаларсыз жүрген иттер мен мысықтар қараусыз жүргендер болып саналады және аулануға жатады.
3.17. Иттер мен мысықтар иелерінен Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесiмдердi бекiту туралы қаулысымен бекiтiлген «Жануарларға және адамдар денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды мiндеттi түрде алып қою және жою жүргiзiлетiн кездегi жануарлардың ерекше қауiптi ауруларының тiзбесiне» сәйкес белгіленген ауруды анықтаған жағдайларда, ауданның мемлекеттік бас ветеринарлық инспекторының шешімі бойынша немесе сот шешімі бойынша алынып қойылады немесе өлтіріледі.
3.18. Ит немесе мысық иелерінен адамды қауіп алу, жарақаттау жағдайларында адамға жұғатын қауіпті аурудың болуы себебіне зерттеу өткізу үшін алынып қойылады. Егер жануар сау деп танылса, онда иесіне қайтарылады.
4-тарау. Иттер мен мысықтарды серуенге шығарудың ретi
Иелерi иттi серуенге шығарғанда келесi талаптарды орындауы тиiс:
4.1. Иттердi тұмылдырықпен (декоративтi түрiнен басқа) және қысқа (1,5 метрге дейiн) мойын жiппен, экскременттерін жинауға арналған ыдыспен және міндетті ветеринарлық алдын-ала өңдеуден өткен жануарларды серуендетуге шығару.
4.2. Иттердi тұмылдырықсыз және мойын жiпсiз тек арнайы қоршалған аумақтарда, жаттықтыру алаңдарында, жергiлiктi атқарушы органдары бекiткен еркiн серуен алаңдарында алып жүруге болады.
4.3. Иттi қысқа мойын жiппен және тұмылдырықпен, өздiгiнен шешiлiп кетпейтiндей, иесi ғимараттың iшiнде уақытша болған мерзiмге, егер де ит басқа тұлғаларға қауiп төнгiзбейтiн, қоғамдық тәртiптi бұзбайтын, қозғалыстарға және өзiне зиян келмейтiндей жағдайда байлаулы қалдыруға болады. Осы кезде ит жүргiншiлердiң жүрiп тұруына кедергi болмауы керек.
4.4. Иттердiң иелерi әрдайым иттiң мойнына аты, түрi, иесiнiң мекен-жайы мен телефондары көрсетiлген жетон бекiтiлген қарғыбау тағуы керек. Иесiнiң тiлегi бойынша жетонда итке қатысты басқа да мәлiмет болуы мүмкiн.
4.5. Иттердiң иелерi келесi шектеулерді сақтауға тиiстi:
1) құтырма ауруына қарсы егiлмеген және токсоплазмозға тексерiлмеген иттердi серуендетуге;
2) иттердi серуендетуге, көпшiлiк шомылатын жерлерде жуындыруға, тоғандарда, фонтандарда,су айдындары мен бөгеттерде шомылдыруға;
3) иттердi қоғамдық тамақтану кәсiпорындарына, азық-түлiк дүкендерiнiң сауда жасау және өндiрiстiк орындарына, сервистiк қызмет көрсету мекемелерi мен мәдениет мекемелерiне әкелуге, ұстауға;
4) халық көп жиналатын орындарда және қоғамдық шаралар өтетiн жерлерде иттермен болуға тыйым салынады.
4.6. Иесi мас болған жағдайда иттi ертiп жүруге және көпшiлiк жүретiн орындарда серуендетуге, көлiкте алып жүруiне тыйым салынады.
5-тарау. Иттер мен мысықтардың иелерiнiң мiндеттерi
5.1. Тіркелген иттер мен мысықтар иелерінің меншігі болып табылады және басқа меншік сияқты заңмен қорғалады.
5.2. Жануар иесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте және жағдайларда адам мен жануардың денсаулығына қауіп келтіретін жануарды алып қоюдың және жоюдың нәтижесінде құнын өтеуге құқылы.
6-тарау. Осы ережелерді бұзғаны үшін мысықтар
мен иттердің иелерінің жауапкершілігі
6.1. Жамбыл ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды ұстау ережені бұзғаны үшін ит пен мысықтардың иесінің жауапкершілігін Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 311–бабына сәйкес уәкiлеттi мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.