Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармағына сәйкес, Жамбыл аудандық ономастика кеңесінің келісімін, халықтың пікірін ескере отырып, Жамбыл селолық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алматы облысы Жамбыл ауданы Жамбыл селолық округіне қарасты Жамбыл ауылындағы жаңа құрылыс жерінде жаңадан «Бейсембайұлы Әбіқай» деп көшеге атау берілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Жамбыл селолық
округінің әкімі А. Шормақов