Қарасу селолық округіне қарасты Қарасай ауылындағы көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарасу селолық округінің әкімінің 2010 жылғы 17 мамырдағы N 5-83 шешімі. Алматы облысы Жамбыл ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 11 маусымда N 2-7-101 тіркелді

      «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармағына, аудандық қоғамдық ономастика кеңесінің келісіміне сәйкес Қарасу селолық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарасу селолық округіне қарасты Қарасай ауылының орталық көшесіне Таймерден Изенбаев және осы ауылдағы жаңа көшелерге «Жетісу», «Жеңіс», «Ақтасты», «Тәуелсіздік», «Үшқоңыр», «Достық» деп аталсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Қарасу селолық
      округінің әкімі                     А. Молдабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады