Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармағына сәйкес, Жамбыл аудандық ономастика кеңесінің келісімін ескере отырып, Шолаққарғалы селолық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алматы облысы Жамбыл ауданы Шолаққарғалы селолық округіне қарасты Үмбетәлі ауылындағы Набережная атындағы көшенің атауы Әсімхан Қосбасарұлы атындағы көшесі деп өзгертілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Шолаққарғалы селолық
округінің әкімі Б.Төленді