Шолаққарғалы селолық округіне қарасты жаңа құрылыс жерлерінде жаңадан көше атауларын беру туралы

Жаңа

Алматы облысы Жамбыл ауданы Шолаққарғалы селолық округі әкімінің 2010 жылғы 23 шілдедегі N 7-38 шешімі. Алматы облысы Жамбыл ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 2 тамызда N 2-7-106 тіркелді

      «Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармағына сәйкес, Жамбыл аудандық ономастика кеңесінің келісімін, халықтың пікірін ескере отырып, Шолаққарғалы селолық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Алматы облысы Жамбыл ауданы Шолаққарғалы селолық округіне қарасты Үмбетәлі ауылында нөмір бірінші ықшам ауданында жаңа құрылыс жерлерінде келесідей жаңадан: Шығыс, Самал, Наурыз, Батыс деп, нөмір екінші ықшам ауданында жаңа құрылыс жерлерінде келесідей жаңадан: Суық төбе, Көк төбе, Бірлік, Хан тәңірі деп көшелерге атау берілсін.
      Қасымбек ауылында жаңа құрылыс жерлерінде келесідей жаңадан: Жеңіс, Алатау, Майтөбе, Бес қоныс, Көк төбе, Суық төбе, Үш қоңыр, Болашақ, Достық, Ақ бата, Шығыс деп көшелерге атау берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.


      Шолаққарғалы селолық
      округінің әкімі                            Б.Төленді


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады