Ават селолық округіндегі Ават селосының Ленин көшесін Тәуелсіздік көшесі, Комсомол көшесін Абылайхан көшесі, Совет көшесін Абай көшесі, Набережная көшесін Ұлы Отан соғысы ардагері Маматья Акбарович Мансуров көшесі деп атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Ават селолық округі әкімінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі N 04-13 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Еңбекшіқазақ ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 06 мамырда N 2-8-144 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 1-тармағының 13-тармақшасын, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4-тармағын, Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің 2006 жылғы 20 желтоқсандағы N 7-1/1437, Еңбекшіқазақ аудандық ономастика кеңесінің 2010 жылғы 30 наурыздағы N 2 келісімдеріне, Ават ауылы тұрғындарының 2006 жылғы 5, 6, 7 желтоқсандағы және 2010 жылдың 1 наурыздағы хаттамаларына сәйкес селолық округ әкiмi ШЕШIМ ЕТЕДІ:
      1. Ават селолық округіндегі Ават селосының Ленин көшесін Тәуелсіздік көшесі, Комсомол көшесін Абылайхан көшесі, Совет көшесін Абай көшесі, Набережная көшесін Ұлы Отан соғысы ардагері Маматья Акбарович Мансуров көшесі деп атаулары өзгертілсін.
      2. Осы шешiммен жеке және заңды тұлғалар таныстырылсын.
      3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау Ават селолық округi әкiмi аппаратының бас маманы Масутова Эльвира Ахметовнаға жүктелсiн.
      4. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
      Округ әкiмi: Е. Байбөриев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады