РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабы 5-1-тармағына сәйкес, Есік қаласы тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, аудан әкімінің 2010 жылғы 30-сәуірдегі N 7-1/722 хатының және аудан әкімдігі жанындағы қоғамдық ономастикалық кеңесінің келісімі негізінде Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласының 4-ші мөлтек аудандағы 6 коммуналдық үйлердің көшесі "Ардагер" көшесі деп аталсын.
2. "Электрокабель" зауытының төменгі жағында орналасқан жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін бөлінген жер аумағын "Бәйтерек" деп аталып, ондағы 4 көшелердің атауы:
- бірінші көшеге – Бәйтерек;
- екінші көшеге – Төле би;
- үшінші көшеге – Қазыбек би;
- төртінші көшеге - Әйтеке би.
3. "Мичурин" атындағы көше – "Нүрсәлім Жақыпов" көшесі.
4. "Пугачев" атындағы көше – "Марат Абдошұлы Ысқақ" көшесі.
5. "Правда" көшесі – "Астана" көшесі деп аталсын.
6. Осы бірлескен шешімнің орындалуын Есік қаласы әкімі Асхат Әділханұлы Алмабеков жүзеге асырсын.
7. Осы бірлескен шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің бірінші орынбасары Ташполат Жамалович Жамаловқа және аудандық мәслихаттың заңдылықты сақтау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
8. Осы бірлескен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Аудандық мәслихаттың
39-сессиясының төрағасы Е. Әмірқұлов
Аудандық мәслихат
хатшысы Ә. Талқамбаев
Аудан әкімі Ә. Тойбаев