Ақши селолық округінің Қазатком ауылына адамдар мен ауылшаруашылық малдарға ортақ аса қауіпті күйдіргі ауруының профилактикасы және жою іс-шаралары бойынша карантин режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 22 шілдедегі N 708 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Еңбекшіқазақ ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 22 шілдеде N 2-8-156 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 16 тамыздағы N 743 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2010.08.16 N 743 Қаулысымен

       Қазақстан Республикасындағы "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 18-тармағын, Қазақстан Республикасы "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабының 2-тармағы 9-тармақшасына және Еңбекшіқазақ аудандық аумақтық инспекциясының мемлекеттік ветеринариялық санитариялық бас инспекторының 2010 жылғы 20 шілдедегі N 2-08-1145 ұсынысына сәйкес адамдарды күйдіргі ауруынан қорғау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақши селолық округінің Қазатком ауылына адамдар мен ауылшаруашылық малдарға ортақ аса қауіпті күйдіргі ауруының профилактикасы және жою іс-шаралары бойынша карантин режимі белгіленсін.
      2. Еңбекшіқазақ аудандық аумақтық инспекциясының бастығы /келісім бойынша/, Еңбекшіқазақ аудандық мемлекеттік санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы /келісім бойынша/ және "Еңбекшіқазақ ауданы орталық ауруханасы" мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бас дәрігері /келісім бойынша/ ауру ошағында адамдар мен жануарлардың күйдіргі ауруының алдын алу жөніндегі арнайы немесе арнайы емес іс -шаралар кешенінің толығымен орындалуын қамтамасыз етсін.
      3. Акши селолық округінің әкімі /С. Айтуов/ карантин режимі бекітілген ауру ошағындағы барлық тұрғындарды Қазақстан Республикасы "Ветеринария туралы" заңына сәйкес күйдіргі ауруы бойынша барлық ветеринарлық және санитарлық талаптармен таныстырып, олардың орындалуын қамтамасыз етсін.
      4. Ауру ошағында қарантин режимінің іс-шараларын орындау үшін қажетті қаржы көлемін қарастыру "Еңбекшіқазақ ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы И. Ахметовқа тапсырылсын.
      5. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы /келісім бойынша/ ауру ошағынан барлық мал өнімдері мен малдардың барлық түрлерінің сатылуы мен шығарылуына және әкелінуіне тыйым салуға ықпал жасасын.
      6. Осы қаулының орындалуына бақылау аудан әкімінің орынбасары Мақсат Тоқбергенұлы Бекетаевқа жүктелсін.
      7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізілсін.

      Аудан әкімі                                Ә. Тойбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады