Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2010.12.08 N 1167 Қаулысымен
Қазақстан Республикасындағы "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 18-тармағын, Қазақстан Республикасы "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабының 2-тармағы 9-тармақшасына және Еңбекшіқазақ аудандық аумақтық инспекциясының мемлекеттік ветеринариялық санитариялық бас инспекторының 2010 жылғы 30 маусымдағы N 58, 59, 60, 61, 62, 63, 64, 65, 66, 67, 68, 69, 70, 71, 72, 73, 74 және 01 шілде 2010 жылғы N 75 ұсыныстарына сәйкес адамдарды (бруцеллез) ауруынан қорғау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қорам селолық округі Қорам ауылының, Қаратұрық селолық округі ауылдарының, Қаражота селолық округі ауылдарының, Малыбай селолық округі Малыбай ауылының, Октябрь селолық округі Бижанова ауылының, Шелек селолық округі Шелек ауылының, Нұра селолық округі Нұра ауылының, Тескенсу селолық округі Тескенсу ауылының, Ақши селолық округі Ақши ауылының, Бәйтерек селолық округі ауылдарының, Рахат селолық округі ауылдарының, Қаракемер селолық округі Талдыбұлақ ауылының, Қазақстан селолық округі ауылдарының, Масақ селолық округі ауылдарының, Евгенемалводное селолық округі ауылының, Асы селолық округі Таусүгір, Қызылшарық ауылдарының, Түрген селолық округі Таутүрген ауылының, Балтабай селолық округі Балтабай ауылының ұсақ малдары мен ірі қара малдарына жануарлар мен адамға ортақ жұқпалы аурулардың (бруцеллез) профилактикасы және олармен күресу бойынша шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режимі белгіленсін.
2. Еңбекшіқазақ аудандық аумақтық инспекциясының бастығы /келісім бойынша/ мен Еңбекшіқазақ аудандық мемлекеттік санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы /келісім бойынша/ бірлесіп, бруцеллез ауруына оң нәтиже берген ошақта бруцеллезге қарсы қолданылатын режимнің сақталуын жоспарлы түрде тексеруді, осы нысандарға бекітілген санитарлық дәрігермен бірлесе отырып эпидемиологиялық, сондай- ақ ветеринарлық санитарлық, ағартушылық жұмыстары жүргізілсін және де шаралардың орындалуына бақылауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау аудан әкімінің орынбасары Мақсат Тоқбергенұлы Бекетаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Аудан әкімі Ә. Тойбаев