РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармағын, Ават ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып селолық округ әкiмi ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Ават селолық округінің Ават селосындағы атауы жоқ көшелердің атаулары төмендегідей берілсін:
1) Ават селосының атауы жоқ көшеге "Саймасай Үшкемпір" көшесі атауы берілсін;
2) Ават селосының атауы жоқ көшеге "Бейбітшілік" көшесі атауы берілсін;
2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Округ әкiмi: Е. Байбөриев