РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4-тармағына сәйкес және Еңбекшіқазақ аудандық ономастика кеңесінің келісімі мен тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып Асы селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Асы селолық округіндегі Жаңашаруа ауылындағы Речная көшесінің атауын "Шадай батыр" көшесі деп өзгертілсін.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау әкім орынбасары Дамир Омарұлы Қалдыбаевқа жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Асы селолық
округінің әкімі Б. Доғалов