РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес және Еңбекшіқазақ аудандық ономастика кеңесінің келісімі мен тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып Балтабай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Балтабай селолық округіндегі ауылдардың көшелерінің атаулары төмендегідей өзгертілсін:
1) Балтабай ауылындағы "Первая Новостроевская" көшесінің атауы Балғабеков Бейсенбай" көшесі деп өзгертілсін;
2) Еңбек ауылындағы "Огородная" көшесінің атауы "Тоғызақов Жапар" көшесі деп өзгертілсін;
3) Өрнек ауылындағы атауы жоқ көшеге "Жексебаев Баймухамет" көшесі атауы берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Округ әкімі Н.И. Тайсариев