Евгенемаловодный селолық округінің Маловодное ауылындағы көшелерінің атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Евгенемаловодный селолық округі әкімінің 2010 жылғы 13 мамырдағы N 9 шешімі. Алматы облысы Әділет департаменті Еңбекшіқазақ ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 27 мамырда N 2-8-150 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасына  сәйкес Еңбекшіқазақ аудандық ономастика кеңесінің 2010 жылғы 28 сәуірдегі N 2 келісімі мен тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Евгенемаловодный селолық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Евгенемаловодный селолық округіндегі көшелердің атаулары төмендегідей өзгертілсін:
      1) Маловодный ауылының "Космонавтов" көшесінің атауы "Сыдықов Қуанышбай" деп өзгертілсін;
      2) Маловодный ауылындағы "Заводская" көшесінің атауы "Ақбуюмовтар" деп өзгертілсін;
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Евгенемаловодный селолық
      округінің әкімі                            Ж.Т. Жылқыбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады