РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4-тармағына сәйкес және Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің келісімдері мен тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып Саймасай селолық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Саймасай селолық округінің Саймасай ауылындағы көшелердің атаулары төмендегідей өзгертілсін:
1) Саймасай ауылының "Новая" көшесі "Абдул Гусейнов" атындағы көшесі деп өзгертілсін;
2) Саймасай ауылының "Клубная" көшесі "Ахмет Байтұрсынов" атындағы көшесі деп өзгертілсін;
3) "Советская" көшесі "Алмабек Аманжолов" атындағы көшесі деп өзгертілсін;
4) "Центральная" көшесі "Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев" атындағы көшесі деп өзгертілсін.
2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Округ әкiмi Р. Саядянц