РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4-тармақшасына сәйкес және Еңбекшіқазақ аудандық ономастика кеңесінің N 3 келісімі мен тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып селолық округ әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Түрген селолық округіндегі Түрген селосының Суворов көшесін Тәжметов Дәулеткелді көшесі деп атауы өзгертілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Округ әкімі: Т. Ұзақов