Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау жөнінде "Жастар практикасын" ұйымдастыру шарасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Ескелді ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 12 қаңтардағы N 6 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Ескелді ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 29 қаңтарда N 2-9-95 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Ескелді ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 14 қаңтардағы N 2 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ескелді ауданы әкімдігінің 2011.01.14 N 2 Қаулысымен

       Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзін басқару туралы" Заңының 31-бабын, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 және 7-баптарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыста жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында Ескелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жұмыссыз жастарды әлеуметтік қорғау мақсатында, ауданда қосымша "Жастар практикасын" ұйымдастыру шаралары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. "Жастар практикасын" ұйымдастыру шарасы 2010 жылы бастапқы, орта және жоғары оқу орындарының, түлектерін мемлекеттік қолдаудың қосымша шарасы болып табылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің бірінші орынбасары Қ. Әлібаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

      Ескелді ауданының әкімі                    С. Дүйсембінов

Ескелді ауданы әкімдігінің
2010 ж. 12 қаңтардағы N 6
"Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау
жөнінде "Жастар практикасын"
ұйымдастыру шарасын белгілеу
туралы" қаулысына
қосымша

      Ескелді ауданында қосымша "Жастар практикасын" ұйымдастыру шарасы азаматтарды, нысаналы әлеуметтік топтар өкілдерін неғұрлым толық қамту үшін Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында бастапқы, орта және жоғары кәсіби оқу орындарын бітіруші жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру және олардың практикалық тәжірибе алу, білім, білік, дағдыларын үйрену мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында әзірленді.

1. Жалпы ережелер

      1. Ескелді ауданында азаматтарды, нысаналы әлеуметтік топтар өкілдерін неғұрлым толық қамту шаралары Ескелді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімінің бастапқы, орта және жоғары кәсіби оқу орындарын бітірген 18 бен 29 жас аралығындағы жұмыссыз жастармен жұмыс жүргізу тәртібін ұйымдастыруды білдіреді.
      2. Жастар практикасы Ескелді ауданының кәсіпорындарында, мекемелерінде және ұйымдарында ұйымдастырылып, өткізіледі.
      3. Уәкілетті орган еңбек нарығындағы жағдайды ескере отырып, жастар практикасына жіберу үшін жұмыссыз жастардың санын анықтайды.

2. Жастар практикасын ұйымдастыру

      4. Уәкілетті орган жастарды жұмыспен қамту бойынша аудандағы қалыптасқан жағдайға талдау жасау негізінде Жастар практикасын өткізуді ұйымдастырады.
      Жастар практикасын ұйымдастырғанда келесілер ескеріледі:
      1) жұмыссыз жастардың саны және оның Уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелгендердің жалпы санының үлесі;
      2) жастар арасындағы ұзақ уақыт бойы жұмыс істемейтіндер санының өсуі;
      3) жұмыссыз жастардың еңбек өтілінің, алған мамандығы бойынша еш тәжірибесінің болмауы салдарынан жұмысқа орналасу мүмкіндігінің аз болуы.
      5. Уәкілетті орган қаржылық-экономикалық жағынан тұрақты болашақта даму, өндірісін кеңейту перспективалары және Жастар практикасының қатысушыларын қабылдау мүмкіндіктері бар кәсіпорындар туралы ақпарат жинау жұмыстарын жүргізеді. Бұған қоса Уәкілетті орган Жастар практикасын ұйымдастырудың және өткізудің шарттары жөніндегі мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратады. Сонымен бірге жоғарыда аталған жұмыстың нәтижелері бойынша ұйымдарға Жастар практикасына қатысу жөнінде ұсыныс білдіріп, хабарлама жібереді. Ұйымның басшысы хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік 3 күн ішінде іс тәжірибеден өткізуге қабылдай алатын адамдарының санын немесе қатысудан бас тартқандығы туралы жауап береді. Жауап бермеу Жастар практикасына қатысудан бас тарту болып есептелінеді.
      6. Уәкілетті орган үш күн ішінде жастар практикасын ұйымдастыру жөніндегі осы шараның мазмұнымен таныстыра отырып, тілек білдірген ұйымдармен жастар практикасын өткізу туралы келісім жасайды.
      7. Уәкілетті орган ұйымдар туралы жинақталған ақпараттарды қорытындылау және талдауы негізінде Жастар практикасына қатыстыру үшін жұмыссыз жастарға іріктеу жүргізеді. Үміткерлерді іріктеу кезінде келесілер ескеріледі:
      1) үміткерлер жұмыссыз ретінде Уәкілетті органда тіркелгендігі;
      2) үміткерлердің кәсіптік білімінің болуы;
      3) Жастар практикасын ұйымдастыру кезінде Уәкілетті органда лайықты жұмыс орындар туралы мәліметтердің болуы.
      8. Жұмыссыздардың Жастар практикасына қатысуына Жастар практикасы басталған сәттен бастап 12 ай мерзімде бір рет рұқсат беріледі және жұмыссыз ретінде тіркелген күніне сәйкес кезектілік тәртібімен жүзеге асырылады.
      9. Жұмыссыз азаматтар Уәкілетті органның шешімі, әрекеті (әрекетсіздігі) бойынша жергілікті атқарушы органға немесе сотқа шағымдануға құқылы.
      10. Уәкілетті орган Жастар практикасын жергілікті атқару органдарымен және жастарды жұмысқа орналастыруға мүдделі басқа ұйымдармен бірлесе отырып ұйымдастырады.
      11. Жұмыссыздарды жастар практикасына алуға келісім берген жұмыс беруші жұмыссыз жастарды қабылдайды және Жастар практикасына қатысушылардың мамандығына (кәсібіне) сәйкес кәсіби білім, білік, дағдыларын үйретуді қамтамасыз етеді. Жұмыссыздармен 6 айдан аспайтын мерзімге еңбек шартын бекітеді және еңбек шартына Қазақстан Республикасы Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жағару мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында еңбек ақы төлеу бюджет қаржысы есебінен жүзеге асырылатындығы туралы норма енгізеді. Еңбек шарты Қазақстан Республикасының Еңбек туралы Заңына сәйкес жасалады, онда жастар практикасына қатысушы мен жұмыс берушінің негізгі құқықтары мен міндеттері заңнамаға сәйкес көрсетілуі керек.
      12. Уәкілетті орган жұмыссыз азаматты бекітілген нысандағы жолдамамен жұмыс берушіге жібереді.
      13. Жұмыссыздарды Жастар практикасына алу туралы шешімді жұмыс беруші қабылдайды. жұмыс беруші жолдаманың жыртпалы талонын толтырып, Уәкілетті органның мекен-жайына жібереді.
      14. Жұмыссыздарды Жастар практикасына алу туралы шешім қабылдау кезінде, жұмыс беруші жұмыссызды алты айдан аспайтын мерзімге "Жастар практикасына" қабылдау туралы бұйрық шығарады. Жұмыс беруші Жастар практикасына қатысушыға білікті маман-тәлімгер бекітеді. Жұмыссыз еңбек міндеттерін жүзеге асыру кезінде еңбек заңдарының талаптары сақталады.
      15. Жұмыссыздарды Жастар практикасына қабылдаған күннен бастап үш күн ішінде, жұмыс беруші Уәкілетті органға практикаға қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін жібереді. Жастар практикасына қатысушыны қабылдаған жұмыс беруші әр айдың 25 - іне дейін Уәкілетті органға жұмыс уақытын есепке алу табелін ұсынады.
      16. Жастар практикасына қатысушы еңбек заңын бұзған жағдайда, жұмыс беруші Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес шартты бұзуға құқығы бар.
      17. Жұмыс берушінің бастамасы бойынша Жастар практикасына қатысушымен шарт бұзылған кезде, ол қабылдаған шешім туралы 3 күн ішінде Уәкілетті органға хабарлайды. Жұмыссыз азамат практиканы тоқтату туралы шешім қабылдай алады. Бұл туралы жұмыс берушіге және Уәкілетті органға 3 күннің ішінде хабарлайды.
      18. Шарттың мерзімі өткеннен кейін жұмыс беруші уәкілетті органға азаматты жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың немесе практиканың аяқталғаны туралы бұйрықтың көшірмесін оның практикадан өтуі туралы сын пікірін (ұсыныс) қоса жолдайды.
      19. Жұмыс берушінің шешімі бойынша жұмыссыз азамат Жастар практикасының мерзімі аяқталмай тұрып тұрақты жұмысқа орналастырылуы мүмкін. Бұл жағдайда жұмыс беруші Уәкілетті органға Жастар практикасына қатысушының жұмысқа қабылданғаны туралы бұйрықтың көшірмесін жібереді.
      20. Жастар практикасынан өткеннен кейін осы немесе басқа кәсіпорынға тұрақты (уақытша) жұмысқа орналастырылмаған азамат Уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркеуде тұруын жалғастырады.

3. Жастар практикасын қаржыландыру

      21. Жастар практикасын қаржыландыру бюджет қаржысы есебінен "Жұмыспен қамту бағдарламасы" 002 бағдарламасы бойынша "Республикалық бюджеттен әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар практикасы бағдарламаларын кеңейтуге ағымдағы мақсатты трансферттер" 103 кіші бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.
      22. Жастар практикасына қатысушыларға ақы төлеуді Уәкілетті орган Жастар практикасына қатысушымен жасалған еңбек шарттардың негізінде нақты жұмыс атқарған уақыты үшін айына 15 мың теңгеден төмен болмайтын мөлшерде төлейді.
      23. Жастар практикасына қатысушылардың еңбекақысын төлеуді Уәкілетті орган олардың жеке есеп шоттарына аударуы арқылы жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады