Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне әлеуметтік қорғау мақсатында қосымша жеңілдіктерді көрсету туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Ескелді ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 16 ақпандағы N 28 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Ескелді ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 25 наурызда N 2-9-100 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Ескелді ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 14 қаңтардағы N 2 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ескелді ауданы әкімдігінің 2011.01.14 N 2 Қаулысымен

       Қазақстан Республикасының "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20-бабына сәйкес және Ескелді аудандық мәслихатының 2009 жылғы 22 желтоқсанында "Ескелді ауданының 2010-2012 жылдарға арналған бюджеті туралы" N 33-197 санды шешімін жүзеге асыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрғын үй коммуналдық қызметтер бойынша қосымша жеңілдіктер төмендегідей белгіленсін:
      газ тұтыну – айына бір кішкене баллон;
      электр қуаты айына 45 квт;
      суық су есептегішімен бір адамға – 402 теңге;
      пәтер үйлерде тұратындарға суық су -337 теңге; пәтер үйлерде тұратындарға канализация - 127 теңге;
      жылыту тұрғын алаңының 18 ш. метріне 1076,4 теңге;
      орталықтандырылған жылыту жүйесі жоқ үйлерде тұратындарға жылына 1 рет 3 тонна көмірдің құны;
      2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесінің бастығы Мухаметқали Баймұратұлы Тілеуберген Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға қосымша жеңілдіктерді төлеу кезінде көрсетілген тарифтерді басшылыққа алсын.
      3. Аудандық қаржы бөлімі мемлекеттік мекемесінің Гулмира Мұқатайқызы Бейсекулова аудандық бюджетте көзделген қаржыландыру жоспарының міндеттемесіне және төлемнің қаржы шегіне сәйкес әлеуметтік көмекті қаржыландыру мәселелерін шешсін.
      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жүргізу аудан әкімінің бірінші орынбасары Қ.А Әлібаевқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.

      Ескелді ауданы әкімі                       С. Дүйсембінов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады