Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ескелді ауданы әкімдігінің 2011.01.14 N 2 Қаулысымен
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1–тармағының 14-тармақшасын және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16-бабын басшылыққа ала отырып, Ескелді ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларына көрсетілетін қосымша әлеуметтік көмек әр мүгедек балаға тоқсан сайын 8 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қамтамасыз етілсін. Әлеуметтік көмек бірінші рет тағайындалған жағдайда, өтініш берілген күннен бастап төленеді. Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларына әлеуметтік көмек, бала 18 жасқа толғанға дейін тағайындалып, төленеді.
2. "Ескелді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімі" мемлекеттік мекемесі (М. Тілеуберген):
Мүгедек балаларға әлеуметтік көмекті ата-анасының өтініші бойынша олардың біреуіне немесе олардың орнындағы адамға, әлеуметтік көмекті төлеу орталығында ашылған шотының нөмірін (екінші деңгейдегі банк филиалы және осы көрсетілген операцияларды жүзеге асыра алатын лицензиясы бар басқа ұйымдар) және келесі құжаттар ұсынылған жағдайда көрсетілуін қамтамасыз етсін:
- өтініш берушінің жеке басының куәлігі;
- баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі;
- дәрігерлік әлеуметтік сараптау комиссиясында куәландырылғаны туралы актінің үзінді көшірмесі;
- облыстық психология-медицина-педагогикалық комиссияның мүгедек баланы үйде тәрбиеленудің немесе оқытудың қажеттілігі туралы қорытындысы;
- отбасы құрамын растайтын құжат, тоқсан сайын.
3. "Ескелді ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Г. Бейсекулова), үйде тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балалар үшін жергілікті бюджетте қарастырылған қаржы көлемінде міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес әлеуметтік көмекті қаржыландыруын жүргізсін;
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің бірінші орынбасары Қ. Әлібаевқа жүктеледі;
5. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
Аудан әкімі С. Дүйсембінов