Бақтыбай ауылдық округіне қарасты тұрғын үй салынып, жаңадан пайда болған көшелерге атауын беру туралы

Жаңа

Алматы облысы Ескелді ауданы Бақтыбай ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 04 тамыздағы N 153 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Ескелді ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 16 қыркүйекте N 2-9-113 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабындағы 4-тармағын басшылыққа алып, Бақтыбай ауылдық округіне қарасты, Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы ауылының тұрғындарының пікірлерін және Ескелді аудандық ономастика комиссиясының келісімін ескере отырып Бақтыбай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
       1. Бақтыбай ауылдық округіне қарасты Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы ауылында тұрғын үй салынып жаңа көшелерге: Қаблиса, Шәкәрім, Асанова, Астана, Қайрат Рысқұлбеков, "Жетісу шұғыласы", Қалқа Жапсарбаев атаулары берілсін.
       2. Осы шешімнің орындалуы ауыл округі әкімінің орынбасары А. Исабековке жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

      Бақтыбай ауылдық
      округінің әкімі                            Е. Ақылбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады