Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Іле ауданы әкімдігінің 31.12.2013 № 11-2306 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы” Заңының 31 бабындағы 1 тармақтың 14-ші тармақшасын басшылыққа ала отырып, Іле ауданы әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Іле ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 25 наурыздағы №3-1607 «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiнің материалдық-тұрмыстық және әлеуметтік жағдайларын жақсарту жөніндегі қосымша шаралар туралы» (Іле ауданының әділет басқармасында 2007 жылғы 24 сәуірдегі нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2-10-43 нөмірімен тіркелген, «Іле таңы» газетінде 2007 жылдың 11 мамыры күні 20 нөмірінде жарияланды) және 2009 жылдың 29 қаңтардағы № 2-134 «2007 жылғы 25 наурыздағы № 3-1607 «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің материалдық – тұрмыстық және әлеуметтік жағдайларын жақсарту жөніндегі қосымша шаралар туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» (Іле ауданының әділет басқармасында 2009 жылғы 24 ақпандағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2-10-97 нөмірімен тіркелген, «Іле таңы» газетінде 2009 жылдың 27 ақпан күні 11-12 нөмірінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-ші тармақтағы «6000» саны «7200» санына ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Ерболат Сапарұлы Тұрымбетовке жүктелсiн.
Аудан әкiмi Н. Логутов