Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Іле ауданы әкімдігінің 31.12.2013 № 11-2306 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабынның 1-ші тармақ 14-ші тармақшасын басшылыққа ала отырып Іле ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Іле ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 14-13951 «Ағзасында Қорғаныс Тапшылығының Қоздырғышы бар балаға төленетін әлеуметтік көмек туралы» (Іле ауданының әділет басқармасында 2008 жылғы 24 қаңтардағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2-10-69 нөмірімен тіркелген, «Іле таңы» газетінде 2008 жылдың 8 ақпанда 5-ші нөмірінде жарияланған), 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 2-135 «2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 14-13951 «Ағзасында Қорғаныс Тапшылығының Қоздырғышы бар балаға төленетін әлеуметтік көмек туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» (Іле ауданының әділет басқармасында 2009 жылғы 24 ақпандағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2-10-96 нөмірімен тіркелген, «Іле таңы» газетінде 2009 жылдың 22 ақпандағы 7-ші нөмірінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-ші тармақтағы «Ағзасында Қорғаныс тапшылығының Қоздырғышы бар» - деген сөйлемнен кейін «бала жасынан мүгедек Нағашыбек Дәулет Орынбасарұлына» - деген сөйлеммен толықтырылып, «балаға» деген сөз алып тасталсын, «212760 (екі жүз он екі мың жеті жүз алпыс)» саны «240000 (екі жүз қырық мың) санына ауыстырылсын, әрі қарай мәтін бойынша.
Қосымша тіркелген смета жаңа редакцияда қайта түзілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ерболат Сапарұлы Тұрымбетовке жүктелсін.
Аудан әкiмi Н. Логутов
Іле ауданы әкімдігінің «Ағзасында
Қорғаныс Тапшылығының Қоздырғышы
бар балаға төленетін әлеуметтік көмек
туралы» 2010 жылғы 22 қаңтардағы
№ 1-98 қаулысына қосымша
Ағзасында Қорғаныс Тапшылығының
Қоздырғышы бар балаға ай сайын төленетін
ақшалай төлемақының 2010 жылға арналған
сметасы
Ай сайын төленетін қаржы:
ең төменгі жалақы - 14952 теңге
тамақтануға - 3000 теңге
жол ақы қаржысы - 2048 теңге
Барлығы: - 20000 теңге.
Ай сайынғы сұраныс жоспары:
Ақпан 1 адам х 40000 теңге = 40000 теңге
Науырыз 1 адам х 20000 теңге = 20000 теңге
Сәуір 1 адам х 20000 теңге = 20000 теңге
Мамыр 1 адам х 20000 теңге = 20000 теңге
Маусым 1 адам х 20000 теңге = 20000 теңге
Шілде 1 адам х 20000 теңге = 20000 теңге
Тамыз 1 адам х 20000 теңге = 20000 теңге
Қыркүйек 1 адам х 20000 теңге = 20000 теңге
Қазан 1 адам х 20000 теңге = 20000 теңге
Қараша 1 адам х 20000 теңге = 20000 теңге
Желтоқсан 1 адам х 20000 теңге = 20000 теңге
Барлығы: жалпы сомасы 240000 теңге.
Смета бойынша барлығы: 240000 (екі жүзқырық мың ) теңге